Ирақ астанасындағы қастандықтар толастар емес

Бағдадта бірнеше дүркін жарылыс болды.
Ирақ астанасының бір ауданында полицияның патрулі келе жатқан жол бойына орнатылған бомба жарылып, 3 кісі мерт болып, кемінде 10 адам жараланды.
Бағдадтың орталығы мен солтүстігінде болған тағы 2 қастандық жарылыстан тағы 2 адам қаза тауып, кем дегенде 4 кісі жараланды.