Журналистер ұсынысы Сенатта қаралмақ

Қазақстан журналистерінің БАҚ заңына қатысты ұсыныстары жуықта өтетін ҚР Парламенті Сенатының отырысында қаралады. Бұл туралы «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Калеева мәлім етті.

«Біздің ұсыныстарымызды қарауға берілген уәде оның қабылданатындығының кепілі емес, әйткенмен заң жобасын қарау кезінде ұсыныстарымыз ескерілер деп үміттенеміз», — деді Т. Калеева.