Украина прокуратурасы В.Путиннен жауап алуы мүмкін

Украина прокуратурасы Ресей премьер-министрі Владимир Путиннен жауап алуы мүмкін.. Украина президентінің энергетикалық қауіпсіздік мәселесі бойынша өкілетті өкілі Богдан Соколовский осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, Украинаның Ресей газын ұрлағанына қандай айғақ-дәлелі барлығын сұрап білу үшін В.Путинді куәгер ретінде жауап алуға шақырудың қажеті бар.
Сейсенбі күні газ транзитін бақылау үшін Ресейден “Нафтогаз” компаниясы шақырған 12 бақылаушы Украинаға баруы тиіс.