Оңтүстік Қазақстанда 57 адам қар бөгетінен шығарылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Таскөмірсай асуында 57 адам мен жеті көлік қар бөгетінен шығарды, — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тіркемелі КамАЗ көлігі көктайғаққа байланысты асуға шыға алмай тайғанап, кесе көлденең тұрып жолды бөгеп қалған. Соның салдарынан 40 жолаушысы бар автобус, 8 адамы бар бір «Газель», 6 адамы бар үш КамАЗ, 2 адам отырған жедел жәрдем көлігі мен бір жүк көлігі қамалып қалған.