Атырауда апат салдарынан жүргізуші қаза тапты

Атыраудағы «Құлсары-Доссор» тас жолында «ВАЗ-2110» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай жылқыны қағып кетіп, апат салдарынан 33 жастағы жүргізушінің өзі қаза болды, — деп хабарлады облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, соңғы уақытта аймақта осыған ұқсас жағдайлар көп тіркеліпті.