Обаманың инаугурациясына миллиондаған адам қатыспақ

АҚШ-тың миллиондаған азаматы 44-ші президент Барак Обаманың ант қабылдау рәсімін тамашалайды. Бірнеше сағаттан кейін өтетін инаугурацияның алдында Вашингтонда жүздеген мың адам жиналды. Американың алғашқы афро-америкалық президенті болатын Барак Обаманың алдында күрделі мәселелер тұр, олардың қатарында Ауғанстан мен Ирақтағы соғыс және экономикалық дағдарыс бар. .