Ауғанстанда 5 полиция қызметкері қаза тапты

Ауған ресмилерінің айтуынша, Қандағар өлкесінде орын алған бомба жарылысынан 2 полиция қызметкері қаза болған. Сонымен қатар, Ауғанстанның батысындағы Бадгис өлкесінің Бала Мугаб ауданында Талибан бүлікшілері деп күдіктелгендер полиция бекетіне шабуыл жасады. Нәтижесінде 3 полиция қызметкері опат болып, жетеуі кепілдікке алынды деп хабарланып отыр.