Семейде сабақ тоқтатылды

Семейде бүгін таңертең ауаның температурасы 25 градусқа дейін төмендеген. Соған байланысты қала мектептеріндегі 1 және 4-сыныптар аралығында сабақты тоқтату туралы шешім қабылданды, — деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.