Медведев: Ингушетиядағы жағдай күрделі

Ресей президенті Дмитрий Медведев Ингушетия республикасында тәртіпті қалпына келтіру мақсатында төтенше шараларды қолға алуға шақырды. Ингушетияның Магас қаласына сапар жасаған Медведевтің айтуынша, Ингушетиядағы қауіпсіздік жағдайы “өте күрделі”: Қауіпсіздік күштері осы мәселемен айналысуы тиіс деп атап көрсетті Медведев.

Соңғы кездері Ингушетияда полиция қызметкерлеріне жиі шабуыл жасалуда.