Обама қор биржаларының құлдырағанына куә болды

Барак Обама АҚШ президенті ретінде қызметіне кіріскен кезде әлемдік қаржы нарықтарындағы көрсеткіштер құлады. Сейсенбі күні АҚШ қор биржаларындағы бағалар қатты құлдырады, Dow Jones көрсеткіші 4 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, Азия мен Еуропаның қор биржаларындағы көрсеткіштер де құлады. Ғаламдық банк дағдарысы одан сайын нашарлайды деген алаңдаушылықтар айтылып отыр.