Астанада екі адам уланып қайтыс болды

Қаладағы Промышленный кентінің Атамұра көшесіндегі жер үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 39 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел адам көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.