Обама Гуантанамоны жабуды бұйырмақшы

АҚШ президенті Барак Обама Кубадағы Гуантанамо абақтысын бір жылдың ішінде жабу жөніндегі жарлыққа қол қоймақшы. Оның жобасына сәйкес, түрмедегі әскери сот істері тоқтатылуы тиіс. Обама сондай-ақ тұтқындардан жауап алу барысында қатаң әрекеттерге тыйым салып, лаңкесттікке қатысы бар күдіктілердің қамаудағы жағдайын тексеру жөнінде бұйрық бермекші.

Жаңа президент АҚШ-тың адам құқықтары мәселесіне көлеңке түсіріп келген Гуантанамоны жабуға уәде еткен болатын.