Газа секторынан шығарылған қазақстандықтар Алматыға келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаровтың мәліметінше, Газадан шығарылған төрт қазақстандық азаматша мен олардың 12 баласы Алматыға келген.
Біздің елшілер эвакуация жасалған Қазақстанның азаматтарын Газадан Каирге, Каирден Стамбулға жеткізді, бүгін олар Алматыға келді, оларды мұнда туыстары күтуде. Қазір эвакуацияның екінші толқыны жүргізілуде, — деді Ілияс Омаров.