Ресей мен Өзбекстан президенттері Ташкентте кездесуде

Дмитрий Медведев пен Ислам Каримов жұмадағы бұл басқосуларында Орта Азиядағы қауіпсіздік, Ауғанстандағы жағдай, энергия саясаты, лаңкестікке және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте қос ел әріптестігін нығайтуды ақылдасуда. Бұдан бұрын Орта Азияға АҚШ-тың Орталық жасақ қолбасшысы, генерал Дэвид Петреус келіп кеткен болатын.