Президент Виктор Ющенконың экономика бойынша көмекшісі Олександр Шкапактың айтуынша, ондай мүмкіндіктер алдағы жазда қарастырылады. Себебі ол келісімдегі шарттар Украина экономикасына едәуір салмақ болмақшы. Газ келісіміне байланысты Украина саяси билігіндегі теке-тірес одан әрі жалғасуда. Ол келісімге жексенбіде, Мәскеуде Украина үкімет басшысы Юлия Тимощенко қол жеткізген болатын.