АҚШ қор биржалары тағы да құлдырады

Бұл жолы оның құлдырауына Microsoft компаниясының алдағы 18 ай ішінде 5 мың жұмыс орынын қысқартатынын жариялағаны әсер етті. Бұл компания құнды қағаздары бейсенбі күні 12 пайызға төмендеп кетті. Аталған қысқартуларға экономикалық дағдарыстар мен тұтынушылар сұранысының азайып кеткені негіз болып отыр.