Назарбаев Үндістан мерекесінде құрметті қонақ болмақшы

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Делиде дүйсенбіде болатын республика күніне арналған парадқа құрметті қонақ ретінде қатыспақшы. Үндістан конституциясы 1950 жылы 26 қаңтарда қабылданған-ды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің Делиге сапары кезінде, сенбіде Қазақ-Үнді азаматтық ядролық келісімшартына қол қойылды. Қазақстан-уран кеніштеріне бай әлем бойынша екінші ел. Ол Үндістан ядролық бекетін уранмен қамтамасыз ететін болады.