Обама өкілі Таяу Шығысқа барады

Ресмилердің айтуынша, АҚШ президенті Барак Обама алдағы аптада арнайы өкілін Таяу Шығысқа жіберетін болады. АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Джордж Митчель сапарының міндеті-Израиль-Палестина бейбіт келісімдеріне ұмтылысты нығайту, Газа аймағындағы татуласуды күшейту. Дипломатиялық бұлақтар хабарына қарағанда, Митчель Мысыр, Израиль және Батыс жағалауда болмақшы. Ол Батыс жағалауда Палестина президенті Махмуд Аббаспен кездесетін болады.