Ресей православ шіркеуі жаңа басшы іздеуде

Епископтардың жоғарғы дәрежелі кеңесі жексенбіде Мәскеуде жиналып, үш үміткер арасынан басшыны анықтау үшін сайлау үдерісін бастады. Апта соңына қарай шіркеу кеңесіне мүше 700-дей дін басылары мен өкілдері басқосып, ізбасарды анықтайды. Сайлаудан өткен ол басшы желтоқсанда қаза болған патриарх Алекси 2-інің орынын басатын болады.