Атырауда Ресейдің азаматы көлік апатынан қаза болды

Атырау-Индер тас жолында «ВАЗ-21124» көлігі қағып кеткен 34 жастағы Ресейдің Чита облысының азаматы есін жимастан оқиға орнында қаза тапқан.

Полицияның ақпараты бойынша, көлік жүргізушісі тиісті шараларды жасамаған. Оқиға бойынша тергеу істері жүргізілуде.