Иран президенті парламентке бюджеттің жаңа жобасын ұсынды

2010 жылдың наурызына дейінгі аралыққа арналған 89 миллиард долларлық жоспар мұнай бағасының төмендеуі мен елдегі инфляция үдерісін қамтып отыр. Бес айдан кейін Иранда президенттік сайлау өтеді. Соның қарсаңында Ахмадинежадтың экономикалық саясатына орай көптеген сындар айтылуда.