Назарбаев Швейцарияға ұшып кетті

ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 28 қаңтар – 1ақпан аралығында Давоста өтетін Бүкіләлемдік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцарияға ұшып кетті.

40 мемлекеттің басшылары шақырылған форумда қаржы жүйесінің тұрақтылығы, экономикалық өсуді қалпына келтіру сияқты маңызды мәселелер талқыланбақ.