Израиль ұшақтары дәліздерді бомбалады

Мысыр мен Газа аймағын жалғастыратын дәліз арқылы қажетті заттар ғана емес қару да тасымалданады деген күдікпен Израиль ұшақтары бүгін сол дәліздерді бомбалады. Бұл бомбалаудан бір күн бұрын Газамен шекарада, бомбалық жарылыстан бір Израиль солдаты қаза болған-ды. Жауап шабуылдан бір палестиналық фермер қаза тапқан еді.