Риддерде жол көлік оқиғасынан 7 адам зардап шекті

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 49 жолаушысы бар «МАН» автобусы мен «Фольксваген» көлігі соқтығысып, соның салдарынан зардап шеккен автобустың 7 жолаушысы ауруханаға жеткізілген.