Шығыс Қазақстанда үш адам өрт салдарынан қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылындағы Бейбітшілік көшесінде орналасқан жер үйде 136 шаршы метр аумақты шарпыған өрт болды. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы және 10 қызметкерінің көмегімен өртті сөндірген кезде үш адамның мәйіті табылды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.