Пәкістанда АҚШ азаматы ұрланды

Пәкістанның оңтүстік-батысында белгісіз қарулы адамдар БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігінде жұмыс істейтін АҚШ азаматын ұрлап әкетті. Куетта қаласындағы халықаралық ұйымның басшысы Джон Солекки жұмысқа бара жатқан жолында ұрланған, ал оның жүргізушісі өлтірілген. БҰҰ-ның босқындар бойынша комиссары Антонио Гутеррес Балучистан өлкесінде орын алған оқиғаға байланысты қайғырып отырғанын мәлімдеді. Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.