Қазақстанға Ауғанстан делегациясы келеді

Ертең Қазақстанға Ауғанстан Ислам Республикасының Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы Вахидулла Шахрани бастаған делегацияның екікүндік ресми сапары басталады, — деп мәлім етті ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Сапар аясында ауғанстандық делегация Қазақстанның бірқатар ресми және іскер топ өкілдерімен кездесіп, астық сатып алу, сауда-экономикалық байланысты нығайту және Ауғанстанға тауар тасымалдауға жәрдемдесу мәселелерін талқыламақ.