Ауғанстанда жанкештілік шабуыл жасаушылар тобы әшкереленді

Ауған құпия қызметі өкілінің айтуынша, Кабулда соңғы екі жыл ішінде болған бомбалық алты жарылысқа жауапты жанкештілер ұйымы анықталған. Ол жарылыстар барысында 20 қарапайым азамат қаза болған-ды. Тұтқындалған 17 адамның Пәкістанда орналасқан Харакат-ул-Мужахидин атты топқа қатысы бар дейді хабарлар.