Иран өз елінде жасалған алғашқы сателлитті ғарышқа шығарды

Омид немесе Үміт деп аталатын ол сателлитті Иранда жасалған Сафир деп аталатын сателлит тасығыш ғарышқа алып шыққан екен. Бұл оқиға Иран Ислам төңкерісінің 30 жылдығын тойлау барысында орын алып отыр.

Сондай-ақ аталған қадам Иранның ядролық бағдарламасына орай, оған БҰҰ-ның тиым салу әрекеттерімен де тұспа-тұс келуде. Батыс елдері Иран бұл бағдарламасы арқылы ядролық қару жасауға қол жеткізбекші деп күдіктенуде.