Күрд жаңа парламентінің сайлауы мамырда өтеді

111 орындық Ұлттық ассамблеяның мамырдың 19-на белгіленген бұл сайлауы 2005 жылдан бері алғаш рет өткізілгелі тұр. Сайлауға үміткер боп қатысушының жасы 30-дан 25-ке төмендетілген болатын. Осылайша жас талапкерлерге мүмкіндік ашылмақшы. Күрдтер Ирақтың солтүстігіндегі мұнайға бай Дахук, Ирбил, Сулаймания аймақтарын бақылауында ұстап отыр. Ирақта сенбіде сайлаулар болған кезде аталған аймақта сайлаулар өткізілген жоқ.