Косово сербтері қауіпсіздік күштерінің құрылуына қарсы

Олар Косовоның солтүстігіндегі жолдарды наразылық ретінде жауып тастады. Олардың айтуынша, 2500 адамдық жаңа қауіпсіздік күштері таратылуы тиіс. Себебі оның құрылуы аймақтағы сербтерге үрей әкеледі-міс. НАТО-ның жаттығуынан өткен бұл күштерге 1998-99 жылдары Сербияға қарсы күрескен албандық бұрынғы көтерілісшілер басшысы қолбасшылық етпекші.