ЕуроОдақ Косово тәуелсіздігінің мойындалғанын қалайды

ЕуроОдақ парламенті барлық мүшелерін Косово тәуелсіздігін мойындауға шақыруда. Өткен ақпан айында Сербиядан тәуелсіздігін жариялаған Косовоны одаққа мүше 27 елдің 22-сі мойындады.

Алайда Кипр, Греция, Словакия, Испания және Румыния елдері Приштина тәуелсіздігін мойындай қойған жоқ.

Олардың кейбірі Сербияға жақтасып, келесілері өз іштеріндегі аймақтық проблемалардан сақтанғандықтан Косово тәуелсіздігін мойындамауда.