Мадагаскар полициясы 23 шерушіні атып тастады

Мадагаскарда қауіпсіздік күштері президент Марк Равалуманананың сарайына шерумен келген елдегі оппозиция қолдаушыларының кемінде 23-ін атып өлтірді. Хабарларға қарағанда, тағы 80 адам жараланған. Қанды оқиға бірнеше апта бойғы ел астанасы Антананариву қаласының орнынан алынған 34 жасар мэрі Андри Ражуелина мен президент арасындағы күресті ушықтырып жіберді. Қаланың бұрынғы әкімі мен оның қолдаушылары президентті қоғамдық ақшаны талан-таражға салды деп айыптайды.