Қазақстан делегациясы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

Бүгін Австрияның Вена қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Дәненов бастаған Қазақстан делегациясы мен Австрия Сыртқы істер министрліктерінің арасындағы екіжақты консультациялар өтеді, — деп хабарлады ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Ресми өкілдің айтуынша, кеңес отырысы аясында Қазақстан мен Австрия арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен ЕҚЫҰ және Еуроодақ шеңберіндегі өзара әрекеттер мәселелері талқыланады.