Кабулда қос шабуылдан 12 адам қаза болды

Оның бірінде қос жанкешті өздерін түрме басқармасында жарған екен. Оның кесірінен кем дегенде 10 адам қаза болып, 30-ы жараланған. Келесі жағдай Әділет министрлігінде орын алған. Оның ғимаратына шабуылдаған қарулы топтың екі адамы қаза болған. Тағы біреуі әлі ғимарат ішінде көрінеді.

Қарапайым азаматтар арасында шығын бар, жоқтығы әзірге белгісіз.