Әзірбайжан әуе күштерінің қолбасшысы қаза болды

Ресмилердің айтуынша, Райл Рзайев Баку орталығындағы үйінен шығып бара жатқан кезінде белгісіз біреудің оғынан қаза болды. Басынан жараланған ол кейінірек ауруханада қаза болды. Генерал-лейтенант Рзайев Әзірбайжан әуе күштерін 1992 жылдан басқарып келген еді.