Қарулы күштерді басқару автоматтандырылады

Бұл туралы мәлімдеген ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов: «Қарулы күштерді автоматтандыру тек басқаруды ғана жеңілдетіп қоймай, мемлекеттің әскери әл-қуатын асырмақ. Әскери білім жүйесінің бюджеті де қайта қаралды, соңғы екі жылда бұл қаржы он есеге өсті. Біз НАТО елдерімен белсенді түрде жұмыс істеп, бірігіп бағдарламалар дайындаудамыз. Бұл ынтымақтастық әрі қарай нығая түседі», — деді.