Ресейде тұрғын үйде шыққан өрттен 15 адам қаза болды

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жексенбі күні елдің оңтүстігіндегі тұрғын үй ғимаратындағы өрттен 15 адам қаза тауып, тағы жетеуі ауруханаға жеткізілді.
Тергеушілердің айтуынша, өрт электр пештерін дұрыс пайдаланбағаннан шыққан. Астрахань облысындағы бұл өртенген үйдің 100-ге тарта тұрғыны басқа жерге көшірілді. Тергеу комитетінің айтуынша, бұл ғимарат өткен жылы адам тұруға болмайды деп танылған.
Ресейдің тұрғын үй, мектеп және ауруханаларында осындай өрт соңғы кезде бірнеше рет болды.