АҚШ-тың арнаулы өкілі Делиде келіссөз өткізе бастады

АҚШ-тың арнаулы өкілі Ричард Холбрук Делиде Үндістан басшылығымен келіссөз өткізуге кірісті. Бұл жолы Үндістанның көрші Пәкістанмен арадағы теке-тіресі келіссөздің басты тақырыбы болмақшы.
Дүйсенбіде Р.Холбрук үнді премьер-министрінің Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Манмохан Нараянанмен кездесті. Ол сонымен қатар Үндістанның сыртқы істер министрі Пранаб Мухерджимен жүздесіп, ресми Делидің Пәкістанды паналаған экстремистерден төнген қатерге деген алаңдаушылығын талқылауға тиіс.