Барак Обама экономиканы тұрақтандыру жоспарына қол қойды

АҚШ президенті Барак Обама экономиканы тұрақтандыруға ынталандыру үшін 787 миллиард доллар бөлу туралы заңға қол қойды. АҚШ Сенатында өткен ұзақ мерзімді талас-тартысты пікір алысудан кейін қол жеткізген шаралар пакеті үш жарым миллион жұмыс орнын сақтап қалуды немесе құруды қарастырады.

Мұндай қаржылық көлемдегі шара Американың тарихында алғаш рет қолданылып отырғандығы хабарланды.