Өскеменде сабақ тоқтатылды

Облыстық төтенше жағдайлар қызметі ауа температурасының -29 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 1-9 сынып оқушыларының сабағын тоқтатты, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Аяздың күшеюінен Семей, Зыряновск, Риддерде сабақтың тоқтатылғаны туралы ақпарат жергілікті телерадиоарналардан хабарланды. Күннің суықтығына байланысты облыстың Күршім, Көкпекті, Ұлан аудандарында жол қатынастары да уақытша тоқтап тұр.