Ауғанстанда тағы 3 шетелдік жауынгер қаза тапты

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Урузган облысында фугастың жарылысынан халықаралық коалицияның 3 жауынгері мерт болды. Талибан қозғалысының осы облыста әрекет ететін содырлары коалициялық күштер мен ауған армиясының бөлімдеріне жиі шабуыл жасайтын болды. Осы күні Талибан ауған облыстарының басым көпшілігіне бақылау орната алды.