Б.Обама бюджет тапшылығын өсірмеуге сөз берді

АҚШ президенті Барак Обама радиодан жасаған апталық жолдауында бюджет тапшылығының өсуін тоқтатуға бар күшін жұмсауға уәде берді.
АҚШ Конгресінің бюджет басқармасының мәліметіне сәйкес, 2009-ыншы бюджет жылында бюджет тапшылығы бұрын-соңды болмаған шамаға – 1 трлн. 200 млрд. долларға жетеді. 2008 жылы бюджет тапшылығы 438 млрд. долларға тең болатын немесе жалпы ішкі өнім көлемінің 3 пайызынан асты. Оның өзінде де бұл сомаға дағдарысқа қарсы шараларға бөліген 787 млрд. доллар кірмейді. Ол қаржыны бөлу туралы заңға өткен сейсенбі күні президент қол қойып бекітті.