Словакия жол апатының құрбандарын аза тұту үстінде

Жексенбі күні Словакия елінде де жол апатынан құрбан болғандарды аза тұту күні жарияланды. Өткен сенбі күнгі жол апатынан 12 адам қаза болып, кем дегенде 20 кісі жараланды. Брезно қаласының іргесіндегі темір жол өткелінде қала сыртына қатынайтын поез бен жолаушы автобусы қақтығысып қалды. Тергеудің бастапқы мәліметі бойынша, апатқа автобустың жүргізушісі айыпты көрінеді. Автобустың ішінде тау шаңғысын тебуге куроритқа бара жатқан 36 жолаушы отырған.