Мәскеуде алданған үлескерлер митингіге шықты

Мәскеуде қорғаныс министрлігінің кепілдік беруімен құрылысы басталған тұрғын үйдің алданған үлескерлерінің наразылық митингісі болып өтті. Қаланың орталығына құрылысқа осыдан 5 жылдай бұрын ақшасын салған ондаған үлескер, негізінен Мәскеудің төңірегінен келгендер жиналды.
Жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, жиналған жұрт өздерінің мәселесін шешуге көмек сұрап Ресей президенті мен үкіметке ашық хат жолдады.