Судан президентінің ісі Гаагада қаралмақшы

Гаага соты Судан президентін тұтқындауға байланысты бұйрықты жариялайтын я жарияламайтыны жөнінде наурыздың 4-де хабарламақшы. Соғыс қылмыскерлері ісін қарайтын халықаралық Гаага сотының прокурорлары Омар Хасан әл-Баширды тұтқындау жөнінде өткен шілде айында ұсыныс жасаған болатын. Оған Суданның Дарфур аймағында адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айып тағылуда. Президент Башир бұл айыптауларды Батыстың әрекеттері деп, кері қағып отыр.