Оппозиция жетекшілеріне қарсы сот тыңдауы кейінге қалдырылды

Алматының Алмалы аудандық соты оппозиция қайраткерлері Болат Әбілов, Асылбек Қожахметов және Төлен Тоқтасыновтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдауды наурыздың 2-іне қалдырды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне сейсенбі күні Асылбек Қожахметов хабарлады.

«Оның себебін судья Райхан Әшкеева осы тыңдауға жаңадан қатысатын мемлекеттік айыптаушыға біздің ісімізбен танысып шығуы үшін уақыт керектігімен түсіндірді», - деді А.Қожахметов.

Қазақстан полициясы оппозициялық үш қайраткерге кезінде Қазақстанда ауыр қылмыс жасады деп күдіктелген кісілердің Украинадан саяси баспана алуына жәрдемдесті деген айып тағып отыр.