Үндістанның Кашмир аймағында автобус апатынан 39 адам қаза болды

Үндістан ресмилерінің айтуынша, елдің Кашмир аймағында
жолаушылар автобусы жолдан тайып кетіп, өзенге құлағанда 39 адам қаза тапты. Тағы 14 жолаушы жарақат алды. Құтқарушылардың көбі жақын маңдағы ауыл адамдары автобус құлаған өзеннен жолаушыларды шығарып, ауруханаға жеткізді.