«Тасжарғанға» қатысты сот тыңдауы өтеді

Бүгін Алматы қалалық сотында журналист Алмас Көшербаев пен «Тасжарған» газетінің депутат Ромин Мадиновтің шағымын қанағаттандырған Медеу аудандық сотының шешіміне қарсы апелляциялық шағымының тыңдауы болады.

16-қаңтар күні Медеу аудандық соты газет пен журналист депутат Ромин Мадиновке үш миллион теңге төлесін деген қаулы шығарған. Сондай-ақ сот «Тасжарған» газетін «Бедный латифундист» мақаласына байланысты терістеу материалын жариялауға міндеттеген. .