Пәкістан шри-ланкалық крикет ойыншыларына шабуылдағандарды іздестіруде

Пәкістан полициясы шри-ланкалық крикет ойыншылары жасағына шабуыл жасаған екі адамның суретін жариялады. Лахор қаласында болған шабуылға жауапты осы адамдар жөнінде мәлімет бергендерге 125 мың доллар көлемінде сыйақы жариялады.

Полиция сейсенбі күні аталған топқа шабуыл жасаған 12 адамды іздестіруде. Ол шабуыл кесірінен кем дегенде пәкістандық 6 полиция және жүргізуші қаза болып, шри-ланкалық 7 ойыншы жараланды. Шабуылшылардың барлығы да бой тасалап үлгерген.

Сондай-ақ бұл шабуылға жауапкершілікті ешкім өз мойнына ала қойған жоқ.